Kazgereco


Біздің серіктестер

ТОО "МҰНАЙ ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС"


Барлық сілтемелер

Жаңа уақытқа – жаңа мектептер


22
  апан2011

«Kazgereco» ЖШС – отандық білім жүйесін дамытуда белсенділік танытатын республикаға белгілі демеуші. Серікжан Сейітжанов басқаратын компания аймақтағы М.Шаханов, Қ.Мұңайтпасов атындағы орта мектептердің және басқа да балалардың білімділік және мектепке дейінгі мекемелердің қаржылық мәселелерін шешуге көмектеседі.


Бұл ретте айрықша атап өтетін жалпы ізгілік және жалпы азаматтық жағдайды бағаламау мүмкін болмас еді. Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы, Ескі Шілікот елді мекенінде «Kazgereco» компаниясының Президенті Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов дүниеге келіп, өскен жерінде өзінің 270 миллион теңге қаражатымен тұрғызылған мектеп есігі айқара ашылды. Бұл қаражат екі қабатты мектепті тұрғызуға ғана емес, сондай-ақ барлық қажетті бұйымдармен асхананы, кітапхананы, спорттық және акт залдарын жабдықтап, информатика, физика, химия, биология және басқа да сыныптық бөлмелерді қамтамасыз етті.


«Балаларға, Ұлт болашағына өзім туып-өскен аймаққа қамқорлық – менің кәсіпкер ретіндегі, ұлтжандылық ретіндегі қасиетті борышым! Мен соғыс ардагері, педагог, өмірін білім саласына арнаған әкем – Сейітжан Құртаевтың көп жылдар бойғы арманын орындағаныма мақтан тұтамын. Жаңа мектеп оның есімімен аталатын болады. Өзінің тікелей қатысуымен қырық жылдан астам уақыт бұрын салынған ескі мектеп балалардың келуіне қауіп төндіріп, оның үстіне ескіріп, қазіргі заман талабына сәйкес келмейтін еді. Сондықтан да өзімнің балалық парызымды орындап, балаларға қауіпсіз, жағдайы жасалған және көрнекті етіп жаңадан тұрғызуға шешім қабылдадым», - деді Серікжан Сейітжанұлы ашылу салтанатында сөз алғанда.


Отандық білім жүйесін дамытуда кемелді жеке басының үлесі үшін С. С. Сейітжанов құрметті атақ «Білім Меценаты» медалімен марапатталды. Серікжан Сейітжанұлы меценат ретіндегіеңбектері бағаланып,Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік ауқымды «Алтын жүрек» алтын медалі сыйақысымен марапатталып, сондай-ақ мақтаухаты табысталды.

Астана, Сарыарқа ауданы,
Тарас Шевченко көшесі, 8/2, Ш.
сапар картасы
Aidan сайтты әзірлеген
«Айдан» студиясы