Kazgereco


Біздің серіктестер

ТОО "МҰНАЙ ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС"


Барлық сілтемелер

Шикізатты дайындау және қайта өңдеу


22
  ақпан 2011

Қазіргі уақытта Қазақстанның мұнай саласы еліміздің экономикалық инфрақұрылымында басшылық орындардың бірін алады. Көмірсутекті шикізат пен қайта дайындалған өнімін жеткізу кірісі ішкі және сыртқы нарықта көбіне жыл сайын ІЖӨ (ішкі жоғары өнім) көлемі 10-15% көбеюді қамтамасыз етеді, сол арқылы Қазақстан Республикасының әрі қарайғы гүлденуі мен шарықтауында әлемнің көптеген ілгері дамушы елдері қатарынан табылуда.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жалпыхалықаралық және халық алдындағы өзінің жолдауында бірнеше рет атап өткен болатын, мұнайгаз саласының табысы тек қана әрдайым өндіру көлемінің артуы және мұнай мен газ экспортымен шектелмей, өндіріс процесінің іске асуында ұтымды болуы керек. Өндіруші шикізат сапасын халықаралық стандарт талабына дейін арттыру, қосымша кіріс көзі мақсатында ілеспе газ қалдықтарын пайдалану, экологияға дұрыс қарап, жұмыс пен жұмысшылар тұрмысына қолайлы жағдай жасау – бұлар заманауи деңгейге істі жеткізер негізгі факторлар.


Әлемдік экономика көшбасшыларының бірі Қазақстанның гүлденуі мен қалыптасу жетістігінде жалпы мемлекеттік курста оның жалғасуын қамтамасыз етуде, істі осылайша басқару «Kazgereco» ЖШС ірі мұнай компаниясының бас стратегиясымен толықтай сәйкес келеді.


«Kazgereco» (КАЗГЕРЭКО) ЖШС жеті жыл бұрын ғана іргетасы қаланған, еліміздің мұнай нарығында жас кәсіпорындардың бірі болып саналады. Бүгінде Кеңлік және Шығыс Ақшабұлақ кеніштерінде компания мұнайшылары шамамен 450 мың тонна мұнай өндіріп, алдағы болашақта өндіру көлемін 550 мың тонна көлеміне дейін көбейту жоспарланып отыр.


Іскерлікте басты басымдылықтардың бірі өндірілетін мұнай сапасын арттыру мен ілеспе газ қалдықтарын пайдалану әсіресе ұтымды амал негізінде қорытындыланады. Әсіресе осы бағыттағы ауқымды жұмыстар Қызылорда облысының Сырдария ауданында орналасқан Кеңлік кен орнында перспективті жүргізілуде.


Кеңлік кен орнының аймағында «Kazgereco» компаниясы негізін қалаған мұнай дайындау орталық пункті сәтті әрекет етуде. Мұнда өндірілетін шикі мұнай арнайы жабдықта судан, хлорлы тұздан және басқа да өндірілмеген қосындылардан тазартылады.

Астана, Сарыарқа ауданы,
Тарас Шевченко көшесі, 8/2, Ш.
сапар картасы
Aidan сайтты әзірлеген
«Айдан» студиясы