Kazgereco


Біздің серіктестер

ТОО "МҰНАЙ ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС"


Барлық сілтемелер

Мәжіліс Депутаты республикадағы жер қойнауын пайдаланушылардың салық төлеміндегі үстеме кірісті қайта түзетуді ұсынды.


22
  ақпан 2011

Бұған дейінгі жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттарда техника-экономикалық құн негізінде, кен орнының кіріс есебімен үстеме кірісті салық бекітілген құнымен анықталатындығы сұрауда ерекше екпінмен айтылған. Бұндай жағдайда, орта және шағын кен орындарын игеретін жер қойнауын пайдаланушылар салық құнын өте төменгі мөлшерде есептесетін. Қорыта келе, мемлекет өзіне көп түсім келтіруде пайдасы төмен кен орындарын ынталандырды, басқаша шарттарда инвесторларды қызықтыртпайтынын Депутат атап өтті.


Басқаша айтқанда, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты, - салық салу сызбасының осы түрі кен орындарының жеке ерекшеліктері есебімен қолданысқа ие болғандықтан ілгері дамыды.


А.Бекенов мырзаның дабыл қағып атап өткен тағы бір мәселесі, ХХ ғасыр соңында көптеген кен орындарын берген мемлекет коммерциялық құрылым енгізуде, мемлекеттік емес иеліктері салық бюджетінің негізгі қорына кіріс көзі оны енгізгеннен кейін 6-8 жылдардың төңірегінде жиналып басталады. Бірақ бұл жағдай орын алған жоқ: Қазақстан жобалаған қорының түсімін күттірмеді.


«Өкінішке орай, 2009 ж салық тұрақтылығының қалпы ыдырап кетті, кен орнын пайдалану салығы, үстірме кіріс салығын қосқанда, ағымдағы заңнамаға сәйкес төленді, үстеме кіріс салығының төлемі үшін жасалған салық салу негізі солайша кен орнының рентабелді тетігі есебі де өзгертілді. Егер бұған дейін келісімшартта салықты өтеу инвестиция мен рентабелділікті қайтару принципі негізінде қарастырылған болса, онда жаңа сызба бойынша жылдық рентабелділік салық құнының есебімен қарастырылады», - деп депутат атап өтті.


Бұдан басқа, - деді Асхат Бекенов, - салық кодексіне енгізілген түзетулер ірі кен орнын пайдаланушылар тарапына мүлделік қолдаусыз өтпеуші еді, сондықтан да бұндай өзгертулер табыс алып келді. Ойланып қарасақ, ҚР салық кодексіне енгізілген түзетулер осы уақытқа дейін ірі кен орнын пайдаланушылардың өте үлкен шығындарға әкеп соқтырғаны, ірі кен орнын пайдаланушылардың үстірме кіріс салығын жеткілікті үлкен көлемде төленуі жағымды жайт болмаса керек, - деді ол.


А.Бекеновтың тұжырымдауынша, егер әрекеттегі жұмыс қарқыны өзгермесе, мемлекеттің бірнеше жылдық бюджетінің көлемі мемлекет шығынымен саналып, Қазақстан бүгінгі күннің өзінде бірнеше миллиард теңгелерін жоғалтады.


«Орын алған кері әсерлі жағдайды жою үшін, Салық кодексінің баптарына сәйкес өзгертулер енгізіп, 2004 жылға дейін қолданылған үстеме салықтың қолданыстан алып тасталған механизмін қайта қарауды талап етемін», - деп хабарлады Асхат Бекенов мырза.


Жаңалықтар көзі (деректемесі):  Kazakhstan Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша
Астана, Сарыарқа ауданы,
Тарас Шевченко көшесі, 8/2, Ш.
сапар картасы
Aidan сайтты әзірлеген
«Айдан» студиясы