Жалпыға ортақ спорттық теннис алаңдары
ақпан 2011
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті халыққа жолдауында елімізде спорттың жан-жақты түрлерінің дамуына ерекше назар аударды. Жолдауда тұрғылықты жердің 30% кем емес бөлігі спортпен шұғылданып, оның көп бөлігі спорт инфрақұрылымының дамуында мемлекеттік емес экономика секторына жатады делінген.
Президент сөзін назарға алып, іске кіріскен басшы атынан және көптеген игі істердің бастамасы болған «Kazgereco» ЖШС компания басшысы республикаға белгілі меценат Серікжан Сейітжанов Қызылорда облысының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуында Меморандумды жүзеге асыру серіктестігінде спорт кешенінің құрылысын өз мойнына алды.
Ғани Мұратбаев атындағы және қызмет көрсетіп тұрған «Евразия» спорт кешенінде жақын жерде орналасқан жаңа спорт кешенінің құрамына бірден 6 алаң кірді, оның екеуі арнайы жабық залға орнатылған, яғни оны спорттық ойынның волейбол және баскетбол түрлеріне де қолдануға болады. Жобаға тыңғылықты қараудың куәсі ретінде «Concept 90» хорват компаниясының мамандары жұмысқа жұмылдырылды, ол әлемдегі көптеген елдердің спорттық ғимараттарын тұрғызуда бай тәжірибе жинақтаған компания.
«Қайнар» спорткешенінің ашылу салтанатында сөз алған Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов мырза «Kazgereco» компаниясының басшылығы атына ризашылық сезімін жеткізді, компания аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына бағытталған көптеген жобаларды іске асыруда орнықты еңбек сіңіргенін айрықша атап өтті.
Мемлекет басшысының Астанада өткен кезекті бизнес-форумында сөз алған «Kazgereco» компаниясының Президенті Серікжан Сейітжанов мырза жауап ретінде ойын былайша жеткізді: кез келген компания әрдайым бизнестің әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын басшылыққа алуы керек, - деді. Серікжан Сейітжанов басқаратын компания әрі қарай да спорт түрлерінің дамуын бағалап, жүргізілген әлеуметтік саясаттың басымдылық бағыттарының бірі екенін ерекше атап өтті.